Ауылда азық-түлікті қарызға алатындар саны күннен-күнге көбейіп келеді - депутат

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы депутат Ерлан Саиров айтты

фото: tolqyn.kz

Ауылда тамақты қарызға алатын адамдардың саны өсуде, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы депутат Ерлан Саиров Мәжілістегі комитет отырысында айтты. 

“Ауылда тұратын 3,5 миллион экономикалық белсенді азаматтардың  1 миллион 200 мыңы бүгінгі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып есептеледі. Шынын айту керек, бұл азаматтардың күнделікті табыс көзі жоқ. Бұның сыртында ауыл халқының қазақ халқының күнкөрісінен бір жарым есе төмен. Ауылда нанды, күнделікті азық-түлікті қарызға алатындардың саны күннен-күнге көбейіп келеді”, – деді ол.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталды. 

“Бүгінгі таңның басты мәселесі – ауыл халқын сапалы, абыройлы нақты жұмыспен қамтамасыз ету”, – деді депутат.  

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс комитеттері Премьер-Министрдің орынбасарларын тағайындады.