Сорос-Қазақстан қоры жұмысын тоқтатты, енді не болмақ

Qaz365.kz редакциясы

Ұйым Орталық Азия елдеріндегі пробелмаларды шешу үшін аймақтағы зерттеушілерді біріктіруді жоспарлап отыр

Vlast/ Жанара Каримова

28 жылдық жұмысынан кейін Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) CAPS Unlock (Central Asian Policy Studies) Орталық Азиядағы проблемаларды шешуге тиімді амалдар ұсынуға арналған сараптама-аналитика хабына айналады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

CAPS Unlock қолданбалы зерттеулер жасап, күрмеуі шешілмеген мәселелер төңірегінде пікірталастар ұйымдастырады. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім беру, климаттың өзгеруі, Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық келбеті секілді салалар қамтылады. Сонымен қатар бірегейлік, тарихи естелік және аймақтағы колониал өмірдің салдары секілді проблемалар да назарда болады. Орталық технологиялық тенденцияларды зерттеп және ескеріп, оның маңызды салаларға ықпалын болжайды.

Орталық зерттеулерінің тақырыптық бағыттары аймақтағы ашық қоғамның дамуы үшін маңызды мәселелер бойынша анықталады.

CAPS Unlock диалог алаңын дамыту, сапалы зерттеулер жүргізу және ұсыныс дайындау, сонымен қатар аймақтағы сараптамалық қауымдастықты нығайту арқылы Орталық Азиядағы ашық қоғам құруды қолдауды өзінің миссиясы санайды.

Аймақтық аналитикалық орталық (think tank) құру Ашық қоғам қорлар желісінің жаһандық өзгеруінің бір бөлігі саналады. Қолданбалы зерттеулер, ұсыныстар кризисті және пост-кризис кезеңдегі проблемаларды шешудің ең жақсы жолын табуға бағытталған. Пандемия, соғыс және басқа да факторлардың ықпалымен болған жаһандық дағдарыс  халықтың өмір сапасына да әсер ететіні сөзсіз және ең біріншіден халықтың осал тұстарына ықпал етеді. CAPS  Unlock ұсыныстары қоғамның осы сегменттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Орталық БҰҰ мен ЭЫДҰ секілді халықаралық институттармен әріптес болуға дайын. CAPS Unlock аймақта да, Еуропа, Солтүстік Америка мен Азия елдеріндегі аналитикалық орталықтармен де әріптестік орнатады.

Ұйымның қамқоршылық кеңесіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы беделді сарапшылар кірді:

  • Гүлнора Бекназарова, әлеуметтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Зеркало» ҚҚ директоры, Тәжікстан;
  • Жұлдыз Смағұлова, PhD, филология ғылымдарының кандидаты, КИМЭП университеті білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, Қазақстан;
  • Медет Тюлегенов, PhD, саясаттанушы, Орталық Азия университеті «Азаматтық қоғам бастамалары» орталығының бас ғылыми қызметкері;
  • Юлий Юсупов, экономист, Center for Economic Development директоры, Өзбекстан.

Аида Айдарқулова, CAPS Unlock атқарушы директоры:

  • Орталық Азия елдерінің бәрі мұхитқа шыға алмайтыны белгілі: әйтсе де бұл біздің зерттеушілердің әлемдік ойларға, дебаттар мен сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндігін арттырады деген сенімдеміз. Осы мақсатта біз аймақты алаңдататын проблемалар бойынша тәуелсіз зерттеулерді алға жылжытып, елдеріміздегі ғалымдар мен мамандарды әлемдегі басқа әріптестерімен біріктіреміз, сарапшылар арасында онлайн және оффлайн форматта пікірталастар ұйымдастарымыз.

Наргис Касенова, CAPS Unlock тең құрылтайшысы, халықаралық саясаттанушы, Гарвард университетінің Дэвис-Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының Орталық Азияны зерттеу жөніндегі бағдарламасының директоры:

  • CAPS Unlock орталық Азиядағы сарапшылар хабына және маңызды проблемалардың шешімін табу үшін білім мен пікір алмасатын кеңістікке айналғанын қалаймыз. Біз аймақта диалог, жаңа идеялар мен форматтар үшін барынша ашық, жергілікті және жаһандық сараптаманы тиімді біріктіретін жаңа типтегі аналитикалық орталық құруды мақсат етеміз.

Медет Тюлегенов:

  • Белгісіздік пен жаһандық сын-қатерлер заманында кез келген деңгейдегі сапалы шешімдерді қабылдау барлық жерде жүруі керек. Саяси басқарушылық шешімдер нұсқаларын жасау, сондай-ақ талқылау және алға жылжыту аймақ үшін өте маңызды. Бұл жағынан алғанда CAPS Unlock орталығының өзіндік миссиясы мен нишасы бар.