Финляндия НАТО-ға мүше болды

Qaz365.kz редакциясы

4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды

Фото: eurointegration.com.ua

Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің Солтүстік атлантикалық келісімге қосылатыны туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды qaz365.kz.

4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады. Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады.

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті. Себебі ұйымның өзі 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған.