Қуаты 2 күнге жететін заманауи ұялы телефон: HONOR X8d-дің жаңа моделі қандай?

Qaz365.kz редакциясы

7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Қазақстан нарығында смартфонға деген таңдау көбейген сайын, тұтынушының талабы да арта түсті. Қуаты ұзаққа жететін, камерасы сапалы, бағасы қолжетімді телефон іздейтіндерге арналған HONOR X8d көптің назарын аударып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл модель ең алдымен қуатты батареясымен ерекшеленеді. Ал бейне көру уақыты — 31 сағатқа дейін. Яғни powerbank алып жүруді ойламай-ақ қоюға болады. Күнделікті қарбаласта телефонды екі күнге дейін еркін пайдалануға жағдай жасалған.

Құрылғының қалыңдығы небәрі 7,5 мм. Жұқа әрі жеңіл корпус қолға ұстағанға ыңғайлы. Сырт келбеті жинақы, заманауи үлгіде жасалған. Бағасы да көпшілікке қолжетімді.

Камерасына келсек, Ultra Clear AI жүйесі күндіз де, түнде де айқын, қанық түстерді сақтап түсіреді. Үш еселік зум қолданғанда да сапа төмендемейді. Жұқа корпусына қарамастан, смартфонның беріктігі де сын көтереді: өндіруші мәліметінше, 2 метрге дейінгі биіктіктен құлаған жағдайда да жұмысын жалғастыра алады.

Қорғаныс деңгейі — IP65. Бұл телефонның шаң мен ылғалға төзімді екенін білдіреді. Жад көлемі 128 және 256 гигабайт нұсқаларында ұсынылған. Танымал мобильді ойындарды жүктеп, кедергісіз ойнауға мүмкіндік бар: құрылғының жұмысы тұрақты, байланыс жылдамдығы да сақталады. Смартфон үш түрлі түсте сатылымға шыққан: Аспан көк, Барқыт сұр және Барқыт қара.

Қорыта айтқанда, ұзақ қуат ұстайтын, сырт келбеті сәнді, бағасы қолжетімді әрі заманауи технологиялармен жабдықталған телефон іздегендер үшін HONOR X8d — тиімді таңдаулардың бірі.