Атырау облысында 416 мыңнан астам адам референдумда дауыс бере алады

Qaz365.kz редакциясы

Атырау облысында 15 наурызда өтетін Конституцияның жаңа жобасына байланысты республикалық референдумға облыс бойынша 276 учаскелік референдум комиссиясы дайындық жүргізуде. Барлық комиссиялар өз жұмыстарын Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырады. 22 ақпаннан бастап учаскелік комиссиялар өз қызметіне кірісіп, 27 ақпаннан бастап референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға деректерін тексеру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы дауыс беруге құқығы бар 416 мыңнан астам азамат тізімге енгізілген. Бұл жөнінде Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап өткендей, дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз референдум учаскелерін анықтау үшін Телеграм әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған «AtyrauReferendumBot» https://t.me/SailauAtyrauBot  аккаунтын немесе облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz https://www.gov.kz/?lang=kk  ресми сайтының «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміндегі «Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!» сілтемесін пайдалана алады. Бұл жолдар арқылы әрбір азамат өз ЖСН-ін енгізіп, қай учаскеге тіркелгенін біле алады. 

Сонымен қатар, азаматтар 109 бірыңғай анықтамалық қызметке хабарласып, Атырау қаласы мен аудан орталықтарында ашылған әкімдіктердің call-орталығына да жүгіну мүмкіндігіне ие. Атырау қаласындағы учаскенің нақты орналасқан жерін 2 ГИС электрондық анықтамасы арқылы табуға болады.

-Егер дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия сізге есептен шығару куәлігін береді. Бұл куәлікті сенімхат арқылы өкіл арқылы алу да мүмкін, нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру немесе телнұсқасын алу мүмкін емес. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескеру маңызды.

Дауыс беру күні өзіңіз болатын учаскеде есептен шығару куәлігін көрсету қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Толық ақпарат алу үшін облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми сайтының «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміне, сондай-ақ 109 ақпараттық қызметіне немесе Атырау қаласы мен аудан орталықтарындағы әкімдіктердің call-орталығына хабарласуға болады, — деді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева.

Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!
Арнайы сайт - https://www.gov.kz/referendum 
Телеграм бот – https://t.me/SailauAtyrauBot 

CALL-орталықтардың жұмыс уақыты:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Атырау облысы – 109 оператор

Атырау қаласы:
8 (7122) 320235
8 (7122) 320233

Жылыой ауданы:
8 (71237) 51554

Индер ауданы:
8 (71234) 20385

Исатай ауданы:
8 (71234) 20487

Құрманғазы ауданы:
8 (71233) 21380

Қызылқоға ауданы:
8 (71238) 21195

Мақат ауданы:
8 (71239) 32341

Махамбет ауданы:
8 (71236) 21242 

Облыс тұрғындары референдум өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс арналарын пайдалана алады.