Рустам Әли ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы
primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

2006–2011 жылдары — «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.

2011–2012 жылдары — «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.

2012 жылы — Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.

2012 жылы — Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.

2012–2016 жылдары — Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.

2016–2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.

2020–2021 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2021–2022 жылдары — Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2022–2023 жылдары — Жетісу облысы әкімінің орынбасары.

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы.