Балалары "Қарттар үйіне" өткізіп жіберіпті: Мұхтар Шаханов бейнеүндеу жасады

Qaz365.kz редакциясы

 Абыройымды төккен адамдарды кешірмеймін, қажет болса оларды халықаралық сотқа беремін

Turkistan.kz

Әлеуметтік желілерде белгілі ақын, қоғам қайраткері, "Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шахановты балалары “қарттар үйіне” өткізіп жіберді деген қауесет тараған болатын. Осыған қатысты аталған журнал бас редакторының орынбасары Құдияр Біләл түсініктеме беріп, ақынның өзі бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

“Көріп отырғандарыңыздай мен өз үйімде, жазған кітаптарымның ортасында отырмын. Мен дегенде “ішкен асын жерге қоятын” әйелім Ханшайым Бөкенқызының арқасында осы күнге дейін аман-сау келе жатырмын. Сондықтан мен туралы өсек таратқан, былапыт сөз айтып абыройымды төккен адамдарды кешірмеймін. Қажет болса оларды халықаралық сотқа беремін”, – деді бейнеүндеуінде ақын Мұхтар Шаханов.