Қырғызстан арқылы өтті деген сыбыс бар
Мәжіліс кулуарында журналистер ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановқа Күдебаев ісі бойынша сұрақ қойды. Ол Күдебаевтың ресми түрде шекара аспағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сондай-ақ ол Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасына жолдау жіберілгенін айтты.
«Күдебаев мырза ресми түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен жоқ. Қырғызстан арқылы өтті деген сыбыс бар. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасына жолдау жібердік. Жауап әлі келмеді», – деді ол.