Елордада «Жайдарман» жастар лигасының өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қолдайтындарын білдірді. Танымал жастар қозғалысының қалалық фестивалі аясында өткен көктемгі кубокқа қатысушылар мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтық қоғамның рөлін арттыруға бағытталған конституциялық өзгерістердің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының елордалық қалалық филиалына сілтеме жасап.
Көктемгі кубок жеңімпаздарын марапаттау рәсімі барысында «Жайдарман» қозғалысының негізін қалаушы, продюсер Есен Елеукен 15 наурызда Қазақстанда елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум өтетінін еске салды.
«Жайдарманшыларды жақсы дүниесімен келе жатқан еліміздің жаңа Ата Заңын жақсылап қолдауға шақырамын. Жайдармансүйер қауым бәріміз бірігіп, осы жаңа Ата Заңымызды қолдап, 15 наурыз күні референдумға қатысайық. Осыған баршаңызы шақырамын», – деді Есен Елеукен өз сөзінде.
Айта кетейік, елордада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған бірқатар іс-шара өткізіліп жатыр. Осы жұмыс аясында еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен, жастармен және жұртшылықпен кездесулер ұйымдастырылуда.