Air Astana компаниялар тобы Таяу Шығыс бағытындағы тұрақты рейстерді уақытша тоқтатты. Әуе компаниясының мәліметінше, Дубай, Жидда, Медина және Доха бағыттарына жоспарланған рейстер 10 наурызды қоса алғанда орындалмайды, еп хабарлайды Qaz365.kz.
Сондай-ақ осы бағыттарға билет сатылымы 17 наурызға дейін тоқтатылған.
– Жолаушылар билеттерін 30 сәуірге дейін тегін қайта брондай алады. Ал билеттерді қайтару 11 наурызға дейін мүмкін, – деп хабарлады әуе компаниясы.
Қазіргі уақытта Air Astana тек репатриациялық рейстерді орындап жатыр. Бұл рейстер Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін жүзеге асырылуда.