Маңғыстау облысында әскери техника неге жүріп жатыр?

Qaz365.kz редакциясы
Видеодан кадр

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Маңғыстау облысындағы әскери техниканың қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері техниканың орын ауыстыруы алдын ала бекітілген жоспар бойынша жүзеге асып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі жұма күні берген түсініктемесінде бұл қозғалыс жауынгерлік дайындық шаралары аясында жүріп жатқанын атап өтті. Техниканың ауыстырылуы Маңғыстау облысындағы полигондардың бірінде артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу жиындарын өткізуімен байланысты.

«Мұндай қозғалыстар далалық сабақтар мен оқу жиындарын ұйымдастыру кезіндегі штаттық практика болып табылады», — деп нақтылады Қорғаныс министрлігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жол бойымен бара жатқан әскери техникалардың видеосы тарап, желі қолданушыларының қызу талқысына түскен болатын.