Нәтиже қандай: Бибісара Үндістандағы гран-приді қорытындылады

Qaz365.kz редакциясы

 Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Жансая Әбдімәлік пен германиялық Элизабет Петц турнирге қатысудан бас тартқан болатын

фото: ашық дереккөзден

Блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева инстаграм парақшасында Нью-Делиде өткен әлемдік Гран-придің үшінші кезеңінің қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Бүгін Үндістанда әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придің сериясы аяқталды. Бұл менің өмірімдегі ең қиын турнирлердің бірі болды. Бұл жолы 8 партия демалыссыз ойнауға тура келді. Сосын алғаш рет турнир кезінде ораза ұстадым. Одан бөлек, ауырып қалдым. Бірақ нәтижеге көңілім толады, - дейді шахматшы.


Ол өз нәтижесін былай қорытындылаған:


1. Дележ 1-3 орын (қосымша көрсеткіштер бойынша).


2. Ерлер арасындағы гросмейстер бойынша екінші балл.


3. Elo нұсқасы бойынша +24 ұпай.

Жақында Астанада келесі турнир басталады. Сондықтан демалуға уақыт жоқ.Отбасыма, туған-туыстарыма және маған көмектескен, қолдап, қолдаған баршаға рахмет, - деп жазды Асаубаева.


Бұған дейін қазақстандық  Жансая Әбдімәлік пен германиялық Элизабет Петц турнирге қатысудан бас тартқан болатын.

Айта кетейік, бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай еншілеген еді. Осылайша, үш шахматшы балл саны бойынша тең түсті. Бұл ретте Бибісара Асаубаева жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алса, ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейкте жеңіске жетті.

Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.

Еске сала кетейік, Гран-придің шешуші - 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Отандасымыз Бибісара Асаубаева осы кезеңге шақырту алған 12 шахматшының қатарында.