Энергетика министрі тарифтерді көтеру кезінде жеке тәсіл қолданылатынын атап өтті
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері қаншалықты көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Энергетика министрі тарифтерді көтеру кезінде жеке тәсіл қолданылатынын атап өтті.
"Жылу рентабельсіз екенін ескерсек, тарифтер кем дегенде 25%-ға көтеріледі деп ойлаймын. Ал максимум үкімет реттейтін инвестиция көлеміне байланысты. Бірақ өсім бірден болмайды. Электр қуатының бағасы инвестициялардың көлеміне байланысты болады. Не электр энергиясының бағасы өседі, не Екібастұздағы жағдай қайталанады", – деді ол.
Алмасадам Сәтқалиев қазір алдағы үш-төрт жылда электр энергиясы тарифін 15 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатқандарын атап өтті.