Ауқымды халықтық мереке: Қазақстанда республикалық референдум қалай өтті

Qaz365.kz редакциясы

Референдум қазақстандықтарға жаңа Конституция үшін дауыс беру мүмкіндігін ғана емес, одан да үлкен сезім сыйлады

15 наурыз – жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум күні ел азаматтарының белсенді әрі ауқымды түрде дауыс бергені байқалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Таңғы сағат 7-ден бастап елдің барлық өңірлерінде, сондай-ақ шетелдегі учаскелерде өз азаматтық борышын орындауға ниетті адамдар жинала бастады. Алайда дәл қазір өтіп жатқан республикалық референдум азаматтардың тек жоғары қатысумен ғана емес, шынайы мерекелік көңіл-күйімен де есте қалды. Ол үлкен отбасылық мерекеге ұқсап бақты – жылы әрі жанды өтті.

Таңертеңнен бастап учаскелердің алдында қалыптасқан кезектерге қарамастан өз борышын орындауға келген азматтардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Адамдар отбасыларымен бірге келіп жатты: шапан мен камзол киген ата-әжелер, олармен бірге қалыспай келген немерелері, енді ғана отау құрған жас жұбайлар дауыс беру жәшіктеріне қызыға қарап тұрды.

Көпшілік үшін референдумға қатысу саналы түрде ұйымдастырылған отбасылық оқиғаға айналды. Ата-аналар балаларына не болып жатқанын, азаматтық жауапкершіліктің не екенін және бүгінгі күннің маңызы туралы түсіндіріп, оларға тарихи күннің бір бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік берді.

Дауыс беру учаскелеріндегі көңіл-күйді алғашқы сағаттардан-ақ музыка айқындады. Кейбір өңірлерде халықты шағын ансамбльдер қарсы алып, домбыра мен қобыздың әуені шырқалды. Халық әндері орындалды. Кейбір сайлаушылар өздері де үйден алып келген аспаптарын шығарып, өз өнерін ортаға салып жатты. Мұндай сәттерде адамдардың өз борыныш жай міндет көрмегінін анық байқалды. Барлығының бір-бірімен маңызды сәтті бөлісу үшін келгені айқын сезілді. Жәшікке салынған әрбір дауыс үйлесімді, сенімді әрі алға ұмтылған үлкен ортақ хордың үніне айналғандай болды.

Референдум дауыс беруге келген қауымды ерекше көріністерге бөледі. Қазақстан – мерекелік киім дәстүрі бай ел. Осы күні қазақстандықтар ұлттық мұрасының бар сұлулығын паш етті. Учаскелерде барқыттан тігілген сәнді сәукелелерді де, алтын жіппен көмкерілген бешпеттерді де, ұлттық нақышта тігілген заманауи стильдегі киінген азаматтар көп болды. Алматы облысында бір тұрғын дауыс беруге аңызға айналған Алтын адамның бейнесінде келді. Бұл қазақ мәдениетінің айрықша символы, ал оның реконструкциясы Ұлттық музейде сақтаулы екені белгілі. Бұл әрекет символдық мәнге ие болды: бюллетеньді жәшікке салған адам «біз қайдан келгенімізді ұмытпаймыз және қайда бара жатқанымызды білеміз» дегендей әсер қалдырды.

Күннің мерекелік сипаты тек жарқын киім және әсерлі ән-күймен шектелмеді. Қазақстандықтар өздеріне тән әзіл мен шығармашылық еркіндік арқылы дауыс беруді шағын көрініске айналдырды. Ақмола облысында адамдар референдумға Ұлы даланың аңшылық мәдениетінің мақтаныш символдары – тірі бүркіт пен тазыны ертіп келді. Қостанайда дауыс беру жәшігінің жанында Наурыз қарсаңында келуі ел үшін ерекше ырыс саналатын дана қарияның бейнесі Қыдыр ата пайда болды. Өскеменде бір сайлаушы парапланмен ұшып келіп, көңіл-күйді тура мағынасында одан бетер көтерді. Қонаевта әсерлі дрифт-шоудан кейін жарысушылар учаскеге келіп, дауыс беру кабиналарының жанында қазақ даласының тағы бір символы – қар барысымен «кездесті». Ол елтаңбадан арнайы түсіп, халық арасына келгендей әсер қалдырды.

Ақтаудан келген жас жұбайлар да көпшіліктің көзіне түсті. Ақ көйлек пен салтанатты костюм киген олар той күні Каспий теңізін катермен кесіп өтіп, дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Бұл күні өмірдегі екі маңызды оқиға – отбасы құру мен ел тағдырына қатысты шешім қабылдау біртұтас мәнге бірікті. Жеке өмір мен қоғамдық жауапкершілік, жеке мен мемлекеттік ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын құбылыстар ретінде айрықша мәнге ие болды.

Мегаполистер арасында елорда тұрғындары да өзінің тың идеясымен көпшілікті тәнті етті. Бұрынғы сайлау науқандарынан бері танымал болған кейіпкер қайта бой көрсетті. Ол Астана учаскесіне дауыс беруге келген азаматтарды ақ халат және үйде киетін аяқ-киіммен таң қалдырды. Бұл жолы ол қазақстандық интернет кеңістігінің назарын ерекше киім үлгісімен ғана емес, робот итімен де аударды. Мәз болған кезектегі адамдар онымен суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісті. Бұл келеке күлкі емес, бірге қуана алатын қоғамның көрінісі еді. Ал, Алматы облысында жас жігіт өзімен бірге қазақтың ұлттық киімін киген роботты ертіп келіп, болашақ пен дәстүрді сабақтастырғандай болды.

Дауыс беру кезінде өңірлерде мерекенің тағы бір қыры ашылып, орталық алаңдар мен учаскелер маңында сауда жәрмеңкелері өз жұмысын бастады. Қолөнер шеберлері киіз кілемдер мен қолдан жасалған әшекейлерімен халықтың көзін қыздырса, аспаздар тіл үйіретін дәстүрлі ұлттық тағамдармен арбап жатты. Жанды музыка орындалып, балалар үшін түрлі көрме, байқау мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Осылайша референдум адамдар кездесіп, араласып, ортақ өмірдің тынысын сезінетін кең халықтық мерекеге айналды.

Ұлттық киімдер, түрлі оркестрдің орындауындағы музыка, бір-бірінен өтетін көзтартар көріністер, басы қосылған отбасы мүшелері мен жәрмеңкелер – кездейсоқ құбылыс болған жоқ, ол халықтың ішкі көңіл-күйін паш етті. Қазақстандықтар референдумды өздерінің күні ретінде ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл мемлекет қандай болуы тиіс, қандай қоғамда өмір сүргіміз келеді, балаларымызға қандай ел қалдырмақпыз деген сұрақтарды бірге талқылайтын күн болды. Дауыс берудің жоғары көрсеткіші жай ғана статистика емес, ол азаматтардың елде болып жатқан оқиғаларға өздерінің тікелей қатыстылығын сезінетінін дәлелдеді. Халық міндет үшін дауыс берген жоқ, олар өз еркімен және ең бастысы шынайы пейілмен референдумға келді. Ортақ тағдырдың ажырамас бір бөлігі болуға тырысты.

Оқиғаның мән-маңызын жылдың мезгілі де айқындады. Референдум күн мен түн теңескен Әз-Наурыздың қарсаңында өтті. Бұл уақытта Қазақстан ұлыстың ұлы тойын қарсы алуға дайындалып жатады. Бұл жаңару мен үміттің мерекесі. Осынау халықтық мерекеге жақындығы дауыс беруге ерекше символдық мән берді. Наурыз табиғаттың жаңаруы мен жаңа кезеңнің басталуын білдірсе, референдум Қазақстан өміріндегі жаңа дәуірдің бастауына айналды. 15 наурыз – мыңжылдық тарихқа сүйенген, болашаққа үкілеген үмітпен қараған халықтың ортақ қадамы ретінде есте қалды.

Референдум қазақстандықтарға жаңа Конституция үшін дауыс беру мүмкіндігін ғана емес, одан да үлкен сезім сыйлады. Ол халыққа өз-өзін толық сезінуге мүмкіндік берді: түрлі, әр-алуан, көңілді, салмақты, жас әрі дана, бірақ ең бастысы – өз жеріне ерекше жанашырлықпен қарайтын біртұтас халықты көрсетті. Референдум кезінде түгел Қазақстан айнаға өзіне қарап, өңірлер мен топтарды емес, бір-бірінсіз күні жоқ біртұтас тірі ағзаны көрді – Каспий жағалауынан Алтайдың бөктеріне дейін, Сарыарқаның қарлы далаларынан Жетісудың гүлдеген бақтарына дейін... Бәлкім, осы күннің ең басты қорытындысын – жүрек қалауымен туған осынау бірлікті ел ұзақ уақыт бойы нағыз ұлттық мереке ретінде еске әлі талай алатын болады.