БҚО-да самосвалдың рөлінде отырған 14 жасар бала абайсызда әкесін басып өлтірген

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 4 сәуірде Ақсай қаласында болған

Ашық дереккөздерден

БҚО-да самосвалды тізгіндеген 14 жасар бала әкесін басып өлтірген. Оқиға 4 сәуірде Ақсай қаласында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасай отырып.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, ауладағы 47 жастағы ер адам көліктің астында жатып, жөндеу барысында 14 жасар ұлынан кабинаға отырып, көлікті іске қосуды және тежегішті басуды өтінген.

– Бұл кезде самосвал қосулы болған. Көлік автоматты түрде жатқан әкесін басып өткен. Ер адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған", – деп түсіндірді ведомстводан.

Факт ҚР ҚК-нің 345-бабы "ЖҚЕ бұзу" бойынша тіркелді