Қазақ, орыс, украин, неміс: Қорғалжындағы ауызашар көпшілікті сүйсінтті

Qaz365.kz редакциясы

TikTok қолданушысы өзінің парақшасында ерекше ауызашардан видео жариялады

Sputnik / Абзал Калиев

TikTok қолданушысы өзінің парақшасында ерекше ауызашардан видео жариялады. Видеодан әртүрлі ұлт өкілдері – қазақ, орыс, украин, немістің бірге ауыз ашып отырғанын көруге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың арасында төмендегідей диалог өрбіді:

- Иванович, ұлтыңыз қандай?

- Орыс.

- Света әпке, сіз ше?

- Украин.

Ереке, қазақсың ба?

- Қазақпын.

- Оля, неміссің, иә?

- Иә.

“Міне, қазақ ауылы осындай. Бәрі қазақша сөйлейді, әрі ет жеп отыр, әрі ауызашарда. Қалада мұндай болмайды”, – дейді видео авторы.