Өзбекстанда қыздар жатақханасында жасырын камера орнатылған оқу орнының проректоры қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы

Тағы үш қызметкер қызметінен босатылды

iphones.ru

Өзбекстанда Қоқан педагогикалық институтының қыздар жатақханасына жасырын камера орнатқан үш қызметкер мен проректор Ойбек Бозоров қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Өзбекстанның білім министрлігі хабарлады.

"Министрлік адамдардың жеке өміріне араласқан іс-әрекетті қатаң айыптайды. Бұл студенттердің ары мен қадір-қасиетіне қол сұғу болып есептеледі", –  деп жазылған хабарламада.

Білім министрлігі камераға түсіп қалған қыздарға ешқандай қысымсыз оқуын жалғастыруға кепілдік берілетінін жеткізді.

Осының алдында жатақханаға жасырын камера орнатылғанын көрген қыздар ішкі істер бөлімшесіне шағымданған. Қыздардың осы әрекеті үшін проректор оларға сөгіс жариялаған.

Құқық қорғау органдары оқиғаны тексеріп жатыр.