"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды

Qaz365.kz редакциясы

Ол қаңтарда ұсталған болатын

rtvi.com

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

"6 сәуірде сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.

ҚР ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған.