Адамзат Айға қайта ұшты: NASA «Артемида-2» кемесін сәтті ұшырды

Qaz365.kz редакциясы
Reuters

Сәрсенбі күні АҚШ «Артемида-2» миссиясы аясында 1972 жылдан бері алғаш рет бортында төрт астронавты бар басқарылатын ғарыш кемесін Айға қарай сәтті ұшырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жер серігін айналып өтуге арналған саяхат шамамен 10 күнге созылады деп жоспарланған.

НАСА-ның «Орион» ғарыш кемесі тиелген Space Launch System зымыран-тасығышы Флоридадағы Канаверал мүйісінен көкке көтерілді. Миссия барысында кеме Айды бір рет айналып өтеді. Астронавттар Жерден шамамен 406 мың шақырым қашықтыққа ұшады. Бұл адам баласы бұрын-соңды жасаған ең алыс сапар болмақ. Бұған дейінгі рекорд 1970 жылы 330 мың шақырым қашықтыққа ұшқан «Аполлон-13» экипажына тиесілі еді.

«Артемида-2» миссиясы – АҚШ-тың ауқымды ай бағдарламасының шешуші кезеңі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2028 жылы «Артемида-4» миссиясы аясында адамдарды Ай бетіне қондыру. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қытай өз астронавттарын Айға 2030 жылы қондыруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, 2022 жылы НАСА «Артемида» бағдарламасының алғашқы кезеңін бастап, «Орион» кемесін пилотсыз режимде дәл осы бағыт бойынша Айға ұшырып, кері қайтарған болатын.