Алматылық дәрігерлер 10 жасар баланың асқазанынан шаш алып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Анасының айтуы бойынша, баланың аузына бөгде заттарды салатын әдеті бар

ашық дереккөзден

10 жасар бала Алматы қаласының №2 Балалар қалалық  клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл тәртіпте іштің ауырсынуы, құсу, әлсіздік, мазасыздық барын айтып шағымданған. Анасының айтуы бойынша, баланың аузына бөгде заттарды салатын әдеті бар. Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы кезінде асқазаннан бөгде зат (безоар) анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Клиника хирургтары бөгде денені хирургиялық жолмен алып тастау - «Гастротомия» жүргізу туралы шешім қабылдады.

Оператор Марат Каптагаев, ассистент Азат Олжабаев және анестезиолог-реаниматолог Жандос Шолаков 90 минутқа созылған операцияны сәтті аяқтады, асқазан мен он екі елі ішектің трихобезоары алынды. Ер баланың асқазанында диаметрі 20 және 15 см болатын, шырыш пен тамақ қоспасы бар 900 граммдық шаш пен жүн шумағы пайда болған. Ер баланың шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтатын жаман әдеті болған. Үйде бала кілемнің түгін ұстап, жегені анықталды.

№2 БҚКА хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Каптагаев атап өткендей, трихобезоар ұйысқан қорытылмаған заттардың - асқазан сөлінде түйіршіктеліп, тығыз шумаққа жиналған, тамақ массалары бар шаш пен жүн жиналған.

«Ер баланың жалпы жағдайының ауырлығына және жасалған операцияның күрделілігіне байланысты ол бірнеше күн реанимация бөлімінде болды, содан кейін хирургиялық бөлімде одан әрі емделді және 11-күні ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», - деп хабарлады балалар хирургі. 

Алматы қаласының № 2 БҚКА бас дәрігері Марат Рабандияровтың айтуынша, асқазан-ішек жолдарының трихобезоары – өте сирек кездесетін патология, бірақ қазіргі заманғы абдоминалды хирургияның өзекті мәселесі.

«№2 балалар ауруханасында жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейді, олар тәулік бойы аптасына 7 күн біздің кішкентай емделушілерге жоспарлы және шұғыл тәртіпте операция жасап, көмек беруге дайын. Олар біздің балаларымызға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, бұған біздің ауруханада заманауи жабдықтардың болуы да ықпал етеді», - деп атап өтті клиника басшысы.

№2 балалар ауруханасының дәрігерлері безоардың ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ата-аналар үшін балаларының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аудару өте маңызды, ал егер жоғарыда аталған жаман әдеттер болса, дереу мамандарға - психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға жүгінуі керек.