Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым жартылай алынды

Qaz365.kz редакциясы

Үкімет бағаның өсуін тежеу ​​үшін қаңтардың соңында пиязды экспорттауға үш айға тыйым салған болатын.

Ашық дереккөздерден

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым жартылай алынды. Енді шаруалар оны шетелге экспорттай алады, бірақ шектеулі мөлшерде, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, жалпы квота 20 мың тоннаны құрайды. Бір кәсіпкер басқа елдердің нарығына 500 тоннадан аспайтын пияз жеткізе алады. 

Еске салайық, Үкімет бағаның өсуін тежеу ​​үшін қаңтардың соңында пиязды экспорттауға үш айға тыйым салған болатын.