Көлік жүргізушілер тоқтамаған: Шымкенттегі бес адамды ажал құштырған апатқа адовкат құқықтық баға берді

Qaz365.kz редакциясы

Жол ортасында жатқан қызыл киімді әйелді айналып өтіп кеткен екі автокөлікке қатысты

polisia.kz

Танымал адвокат Бауыржан Азанов әлеужелідегі парақшасында Шымкенттегі автобус апатына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Адвокат Шымкенттегі алты адамды қағып өтіп, төрт адамға ажал құштырған автобусқа қатысты бейнежазбаны мұқият қарап шыққанын айтады.

«Ақ және сұр түсті екі автокөлік жол ортасында жатқан қызыл киімді әйелді айналып өтіп, өз жөндерімен жүре берген. Бейнежазба толық емес, кесіліп қалғандықтан, әйелдің тірі қалғаны немесе қайтыс болғаны белгісіз. Куәгерлер айтатын шығар. Басқа машиналар екінші рет басып кетпеуі үшін жолды көлігімен жауып, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына олар әйелді жатқан жерінде қалдырып, әрі қарай кете берген», - деп жазды Бауыржан Азанов.

Адвокаттың айтуынша, екі автокөліктің жүргізушілерінің іс-әрекетінен ҚР ҚК 119-бабында (Қауіпті жағдайда қалдыру) көзделген қылмыстың белгілері байқалады.