Атырау халқы таза ауа үшін наразылыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Наразылыққа қатысушылардың көпшілігі жастар

AtyrauPress

Атырауда алғаш рет экологияға арналған рұқсат етілген наразылық өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

"Мұнайшы" стадионының алдына 500-ге жуық адам жиналып, қаланың экологиялық мәселесіне назар аударды.

Наразылыққа қатысушылардың көпшілігі жастар. Олардың қолдарында "Өкпеге ауа жетпейді", "Тыныс алатын ештеңе жоқ", "Атырау демал", "Экология пайдадан қымбат", "Біз Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 198-бабының орындалуын талап етеміз" деген жазулар болды.

Наразылық шарасы бейбіт түрде өтті. Акцияға қатысушылардың арасында журналистер мен қала белсенділері де бар.