Полиция басқармасына 20 адам жеткізілді
Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді. Олар жаппай төбелескен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Еңбекші аудандық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған.
"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды.
Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.