Оған қоғамдық және саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды
Жанболат Мамайдың 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Белсенді Жанболат Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылды.
Оның 6 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оған қоғамдық және саяси жұмыспен айналысуға, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласуға тыйым салынды.
Сондай-ақ одан 800 мың теңгеден астам ақша өндірілді.
Еске сала кетсек, Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты болып отыр.
«Билік өкілін қорлады» деген айып тағылған белсенді сотта нақты есімдерді атамағанын, құқық қорғау жүйесін сынға алғанын айтқан. Әдейі жалған ақпарат таратқан мәлімет бойынша, Мамай оның қатысы бар екендігі туралы нақты дәлелдер жоқ екенін мәлімдеген.