"БҰҰ деңгейінде шағым жазамыз" - Инга Иманбай

Qaz365.kz редакциясы

Жанболат Мамай соңына дейін күреспек

exclusive.kz

Тіркелмеген демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың зайыбы Инга Иманбай бүгін шыққан үкімді «саяси астары бар қудалау» деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттады. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды.

«Бұл саяси астары бар қудалау екені сөзсіз. Жанболаттың өзі де оны сотта ашық айтты. Алдағы уақытта апелляциялық шағым жолдаймыз. Қазақстанда әділдік таппайтынымыз анық. Демек, халықаралық ұйымдардың көмегімен БҰҰ деңгейінде шағым жазамыз», –  деп жазды Инга Иманбай әлеуметтік желіге.

Еске сала кетсек, Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

«Билік өкілін қорлады» деген айып тағылған белсенді сотта нақты есімдерді атамағанын, құқық қорғау жүйесін сынға алғанын айтқан. Әдейі жалған ақпарат таратқан мәлімет бойынша, Мамай оның қатысы бар екендігі туралы нақты дәлелдер жоқ екенін айтты.