Бас прократура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтылған мәлімдемелерге қатысты деректер тексеру үшін екі органға жіберілгенін айтты
Бас прокуратура кәсіпкер Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжанның сұхбатта айтқан деректерге қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бас прократура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтылған мәлімдемелерге қатысты деректер тексеру үшін екі органға жіберілгенін айтты.
“Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында сұхбатта айтылған бірнеше фактілерін тексеру бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды қарады. Осы фактілерді тексеру үшін сұрау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жіберілді. Аталған органдар тексерудің нәтижесі туралы хабардар етеді", – делінген ресми жауапта.