Сәтқалиев Қашаған мен Қарашығанақ операторларынан 16,5 миллиард доллар талап етілгенін растады

Qaz365.kz редакциясы

Ол талап арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін берілгеніне сендірді

ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбі күні үкімет отырысында Қазақстан үкіметінің Қашаған мен Қарашығанақ операторларына қарсы халықаралық арбитражға 16,5 миллиард долларға шағым түсіргенін растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Үкіметтің уәкілетті органы PSA атынан халықаралық арбитражға Қарашығанақ және Қашаған компанияларына қарсы шағым түсірді. Талаптың сомасы 3,5 млрд және 13 млрд АҚШ доллар көлемінде», - деді Сәтқалиев.

Ол талап арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін берілгеніне сендірді.