Энергетика министрі Сәтқалиев қазақ тілін жарты жылда үйренуге уәде берді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін жаңа министр Мәжіліс депутатының сынына ұшыраған еді

inbusiness.kz

Үкімет отырысының кулуарында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен қазақша жауап беруді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алайда министр қазақшамды жақсартуым керек деп,  6 ай уақыт беруді сұрады. 

"Кешіріңіз, мен өз ана тілімді негізі білемін. Бірақ қазақша сөйлеу деңгейімді көтеруім керек. Маған алты ай беріңіз. Сонда бүкіл сұрағыңызға қазақ тілінде жауап беремін. Маған алты ай беріңіз, кешіріңіз", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

5 сәуірде Мәжілісте «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын таныстырған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке депутат Бақытжан Базарбек ескерту жасаған болатын