Алматыдан 900 шақырым жерде екі рет жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Екеуі де Ауғанстан аумағында тіркелген

ашық дереккөзден

Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 900 шақырымдай жерде 1 сағат аралықпен екі жер сілкінісі болды.

Екеуі де Ауғанстан аумағында тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 5,3 және 5,4. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.