Бауыржан Байбек Германияда жүр

Qaz365.kz редакциясы

Ол арнайы қонақ ретінде қатысқан

kazface.kz

Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының бұрынғы басшысы, қаңтар оқиғасынан кейін елден кетіп қалған Бауыржан Байбек Любек Колизейінде өткен пианист Эвелинда Тренкнердің бюстінің ашылу салтанатында жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі KazFace.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның суреті Lübecker Nachrichten неміс басылымында жарияланды.
Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Байбек іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан, өйткені ол ескерткішті жасау мен орнатуды қаржыландырған. Бюстің ашылу салтанаты 2023 жылдың ақпан айында өткен.
Эвелинда Тренкнер композитор және дирижер Вернер Тренкнердің қызы болған. Ол оркестрдің сүйемелдеуімен өзінің фортепианода ойнаған алғашқы концертін 8 жасында берген. Кішкентай қыздың бойындағы таланты оны бүкіл әлемге әйгілі етті, концерттері тіпті КСРО-да өткен еді.


- Бюст - мүсінші Клаус Герцтің қолынан шыққан жұмысы, оған қазақстандық саясаткер Бауыржан Байбектің демеушілік жасады. Бұл Байбектің бір кездері өзін жас кезінде оқытқан Эвелинда Тренкнерге деген құрметі болды, - деп жазады неміс басылымы.