Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды

Qaz365.kz редакциясы

Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды

prosport.kz

Кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Suleimen промоутерлік орталығына сілтеме жасап.

“Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік”, –  делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек 6 қарашада өтті. Моррель Ербосынұлын жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсірген болатын. Кейін Айдостың миына қан құйылып, жасанды комаға түскен еді.