Бүгін жаңаөзендіктермен келіссөз жалғасады

Qaz365.kz редакциясы

Мұны Астанада келіссөз үшін қалған 10 мұнайшының өкілдері де растады

azattyq.org

Бүгін түске таман Астанада “Берәлі Маңғыстау Company” мекемесінің бұрынғы жұмысшыларымен келіссөз жалғасады. Мұны Астанада келіссөз үшін қалған 10 мұнайшының өкілдері де растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттықтың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Бір күн бұрын “ҚазМұнайГаз” мұнайшылардың талабына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеген еді.

12 сәуірде таңертең наразы мұнайшылардың басым бөлігі Маңғыстауға пойызбен жіберілген еді. Оның алдында олар Астанада наразылық жасап, кейін дөрекі күшпен ұсталған. Жаңаөзен және өзге өңір халқы көтеріліп, ұсталғандарды босатуды талап еткен соң олар босатылған еді.

Бұған дейін түрлі ұйымдар, арасында “Халық парламенті”, тіркелмеген “Алға, Қазақстан” оппозициялық партиясы бар, мұнайшылардың талабын қолдаған.

Елде жаңаөзендік мұнайшылардың талабын қолдаған бірқатар белсенділер қамалған.