Ресейдегі мобилизациядан қашып келген әнші дүниеге келген ұлына қазақша есім берді

Qaz365.kz редакциясы

Ол Алматыда тұрады

әлеуметтік желілерден

Әнші Остап Парфёнов Алматыда ұлы дүниеге келгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Press.kz-ке сілтеме жасап.

Жарты жылдан бері «Мужчина должен» және «Просто друг» әндерінің авторы, әнші Остап Парфёнов Алматыда тұрады. Әртіс мұнда Ресейдегі мобилизациядан қашып келген. Орындаушы оңтүстік астананы қатты ұнататынын және осында біраз уақытқа қалуды жоспарлап отырғанын айтты.

20 жастағы өнерпаздың соңынан оның аяғы ауыр ғашығы да ұшып келген. Жас келіншек онымен бірге осында тұруды шешкен. Күні кеше Остап жан-жары екеуі ата-ана болғанын хабарлады. 

Кейінірек әнші ұлына қазақша есім беріп, тұңғышының атын Арман қойғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде жанкүйерлері әншіні құттықтап, анасы мен сәбиге зор денсаулық тіледі.