Қалада үйінділерді шығару операциясы аяқталды
Түркияның Хатай қаласында үйінділерді шығару операциясы аяқталды. Желіде жойқын жер сілкінісінің салдарын ең қатты сезінген бұл қаланың қазіргі көрінісінен кадрлар тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еске салайық, 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында тоғыз сағаттық аралықпен болды. Жер асты дүмпулері елдің 11 провинциясында және көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Қазіргі уақытта Түркияда қираған ғимараттардың техникалық жағдайы мен құрылыс нормаларының сақталуына қандай да бір дәрежеде жауапты болған 300-ден астам адам қамауға алынды.
Cуреттер: hurriyet.com.tr