Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды qaz365.kz.
Күдікті – 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.