Ереванда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзірбайжан туын өртеді

Qaz365.kz редакциясы

Ресми Баку бұл оқиғаны айыптады

AzeSputnik

Ереванда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзірбайжан туын өртеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі AzeSputnik-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, 14 сәуір күні кеште Арменияның астанасы Ереванда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Әзірбайжан да қатысты. Әзірбайжанның туын сахнаға көтеріп шыққан сәтте, көрермен арасынан біреу жүгіріп шығып, туды өртеп жіберді. Бұл оқиғаға зал толы көрермен ысқырып наразылығын білдірді. Кеудесіндегі бейджге қарағанда, от қоюшы ұйымдастырушы команданың мүшесіне ұқсайды. 

Ресми Баку өз тарапынан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзірбайжан туын өртеп жіберу оқиғасын айыптайды.  

"Ұйымдастырушылар тарапынан мұндай өшпенділік акциясына қарсы ешқандай қауіпсіздік шараларының алынбағаны алаңдаушылық туғызады. Кінәлілер жазаға тартылуы тиіс!" - деп мәлімдеді Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.