Баланы мақтауда қолдануға болмайтын ҮШ сөз қандай

Qaz365.kz редакциясы

Заманауи ата-аналар бала тәрбиесінде қате жіберіп алудан қорқып, тәжірибелі психологтардың айтқанын мұқият тыңдауға тырысып жатады

UNICEF/Kaliyev

Заманауи ата-аналар бала тәрбиесінде қате жіберіп алудан қорқып, тәжірибелі психологтардың айтқанын мұқият тыңдауға тырысып жатады. Мамандардың сөзінше, шын мәнінде бала тәрбиесіндегі бір ғана дұрыс әдіс жоқ. Психолог Виктория Дмитриева "Доктор Питер" басылымына баланы қалай мақтау керегін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Маман баланы мақтауда қолдануға болмайтын сөздерді тізіп берді. 

Біріншісі - "Жарайсың!"

"Бұл үнемі қолы босамай жүретін, баласының жетістігі ол үшін маңызды емес ата-аналар көп айтатын бос сөз. Баласын шын мәнінде мақтан тұтатын ата-аналар бұл сөзді көп айта бермейді", - дейді психолог.

 "Сен өте әдемі, сен өте ақылды қызсың/ұлсың"

"Баланы салыстырмалы түрде мақтамаңыз. Мұндай жағдайда бала үнемі өзін басқалармен салыстыра беретін болады. Себебі салыстыру - бала үшін пайдалы бола бермейді. Ерте ме, кеш пе "сұлулық және ақыл байқауында" бала жеңілуі мүмкін", - дейді Виктория Дмитриева.  

"Бұдан да керемет жасай аласың!"

Психолог бұл сөзді өзіңіз үшін қолдануға кеңес берді. Жұмыс қиын есеп жасап болғаннан кейін басшылық сізге осы сөзді айтса немесе дәмді ас жасағаннан кейін күйеуіңіздің сізге осылай айтқанын ойлап көріңізші. Бұл сіздің өзіңізді бағалауыңызға және мотивацияңызға әсер ете қоятыны екіталай.