Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты, екеуі ауыр халде

Qaz365.kz редакциясы

Тағы үшеуі - травматология бөлімінде

Видеодан кадр

Жаңаөзен қалалық ауруханасына газдан зардап шеккен 13 жәбірленуші түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жарылыс салдарынан 1994 жылы туған бір адам қайтыс болды. Ауыр жағдайдағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірінде денесін 80 , екіншісін 50 пайызын күйік шалған. Тағы үшеуі - травматология бөлімінде.

Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты.

Қазір оқиға орнында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жүр.