Болат Назарбаев "Барыс" автокөлік базарынан айырылды

Qaz365.kz редакциясы

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім 17 сәуірде жарияланды

 

Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімін сатып алу-сату шарттары ("Барыс" автобазары) жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz  тілшісі.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім 17 сәуірде жарияланды. Судья А. Б. Ахметова Қарасай ауданы прокуратурасының жерді сатып алу-сатудың шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарын қанағаттандырды.

Айта кетейік, прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы сот талқылауы биыл наурыз айының соңында басталды.

2004 жылдан 2019 жылға дейін жер телімдерін сатып алу-сату бойынша 7 шарт жасалды. Мемлекеттік жер әртүрлі уақытта Назарбаевтың иелігіне өткен. Оны Қарасай ауданының әкімдігі, Қаскелең қаласы және ауданның жер қатынастары бөлімі берген.

Жерді беру фактісінде өрескел заң бұзушылықтар болғаны хабарланды. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет иелігіне қайтаруды талап етті.