Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Көп пәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған

Ашық дереккөздерден

Маңғыстау облысында газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Ақтауға санавиациямен тасымалданған 51 жастағы ер адамның денесінің 70%-ы күйіп қалған. Тағы екі адам Жаңаөзен ауруханасының реанимациясында. 23 жастағы әйелдің денесінің 30%  күйіп өалған және омыртқасы сынған. Оған ота жасалды», – делінген хабарламада

Сондай-ақ, үйінділердің астынан шығарылған 46 жастағы ер адамға ота жасалды. Дәрігерлер екі аяғын да аман сақтап қалды. Сонымен қатар, травматология бөлімінде күйік алған тағы үш адам емделіп жатыр: 9 және 15 жастағы қыздар, сондай-ақ 58 жастағы ер адам. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні таңғы 4:05 шамасында Жаңаөзенде көп пәтерлі үйде газ жарылып, төрт адам қаза тапқан. Облыстық прокуратура хабарлағандай, көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.