Соңғы кездері жасөспірім балалар арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Өскемен, Алматы облысы, Түркістан облысындағы жағдай сөзіміздің дәлелі бола алады.
Осыған байланысты Qaz365.kz тілшісі педагог Елжас Ертайұлының пікірін білген еді.
Екі себепті атап өткім келеді. Біріншісі, жазалауды көріп өскен бала өзгені жазалауды үйренеді деген бар. Осы қағидаға сүйенген кезде үйде немесе өзінің қоршаған ортасында бала ересектер тарапынан агрессияға душар болса, автоматты түрде кейін өзі де сыртқа шығарады. Бірінші кезекте әлі жететін адамдарға әлімжеттік көрсетеді. Мысалы, ата-анасынан қорқып оған істей алмауы мүмкін. Алайда айналасына достарына немесе өзінен кіші балаларға әлімжеттік танытатындар кездер көп, – дейді Елжас Ертайұлы.
“Ал екінші себеп ретінде баланы бетінен қақпаймын деп жүріп, бетімен жібере алатындар деп отыр. Шектен тыс махаббаттан туындаған еркелік.
Ондай балаларда «жеке шекара» деген түсінік қалыптаспайды. Барлық нәрсені істей аламын, рұсат етілген деп түсінікпен өмір сүрген соң, өз қалауына салып жібереді. Қалауы орындалмаса, әлімжеттікке баруы мүмкін. Сондықтан көп нәрсе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Әрбір ата-ана үйінде баласына, әрбір ұстаз мектепте оқушысына сауатты қарым-қатынас орнататын болса, агрессия азаяр еді, – дейді педагог.
Сосын ол балаға қоршаған орта, көріп жатқан контенттері де әсер етеді деп отыр. Одан бөлек, медальдың екі жағы бар секілді мәселенің екінші бетіне де үңілу керек екенін алға тартты.
Балалардың өзің-өзі қорғай алмауы эмоцианалды-интеллектің әлсіз болуынан туындайды. Оның физикалық күші болса да, бірақ қолдана алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан балаларымыздың осындай әлімжеттіктің құрбаны болмауы үшін осындай эмоцианалды-интеллектіне көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Сезімтал күшті болуына жағдай жасауымыз керек, – дейді Елжас Ертайұлы.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте жас ұрпақтың қауіпсіздігі мәселесін назарға алу керек екенін айтты. Мемлекет басшысы мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатқанын айтты. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр деді. Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласатына тоқталды.
“Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн”, – деді Президент.