Қоқыстан табылған нәрестенің анасына қатысты іс тоқтатылды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 2022 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған

Ақтөбеде қоқыс полигонынан табылған нәрестенің анасына қатысты қылмыстық іс арада 6 ай өткенде жабылды деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған баланың өлі туғаны себеп болып отыр. Оқиға 2022 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған еді.

«Қылмыстық кодекстің «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бабы бойынша іс қозғалғанымен, сараптама қорытындысынан кейін баланың өлі туғаны белгілі болды. Қылмыстық құрам болмаған соң іс жабылды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.