Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын қалай өткен

Qaz365.kz редакциясы

ҰҚК болжамын айтты 

stan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай өткені туралы болжамын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенат кулуарында БАҚ өкілдері ҰҚК өкілінен Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткені туралы сұрады.

"Қырғызстан шекарасындағы Іле Алатауының тау жотасы 672 шақырымды құрайды. Ол тау арқылы қашып кетті деген болжам бар. Күдебаевтың туған жеріндегі тау маңында шаруашылық, елді мекен бар. Біз тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.