Алматыда ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция растады

Facebook/Владимир Северный

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер Владимир және Наргиз Северныйлар ұсталды. 21 сәуірде Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оларға «Алматы» ЖШС-нің бірінің басшысы хабарласқан. Ол теріс материалдар жарияланбауы үшін ақша бопсалау туралы айтқан.

"Сұралған ақшаның бір бөлігін аудару кезінде ерлі-зайыпты С. ұсталды", - делінген полицияның хабарламасында

Жедел іздестіру шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.