Өскеменде “Бессмертный полк” шеруін өткізгелі жатқан кім - әкімдік түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

“Бессмертный полк” акциясы – 2012 жылы Ресейде пайда болған патриоттық қозғалыс

tengrinews.kz

Өскеменде “Бессмертный полк” шеруі өтеді деген ақпарат тарады. Qaz365.kz тілшісі қалалық әкімдікке хабарласып, істің мән-жайын білді.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, ондай акция өткізу қала әкімдігінің жоспарында жоқ.

“Иә, естідік. Өскеменнің бір жеке кәсіпкері өзінің кинотеатрының сыртындағы лэд экрандарын пайдаланбақшы екен. Біздің ол шараға ешқандай қатысымыз жоқ”, –  деді ішкі саясат басшысы.

Ал акция өткізгелі жатқан белсенді – Өскемендегі “Юбилейный” кинотеатрының иесі, кәсіпкер Мунира Ягудина болып шықты.

Кинотеатрдың Наталья есімді маркетологымен ғана хабарласа алдық. 

“9 мамырға дейін өскемендіктер соғысқа қатысқан аталарының суреттерін біздің почтамызға жібере алады. Біз үлкен экраннан олардың суретін жариялаймыз. “Онлайн акция” дегеніміз осы”, – дейді ол.

“Бессмертный полк” акциясы – 2012 жылы Ресейде пайда болған патриоттық қозғалыс. 2020-2021 жылдары аталмыш акция пандемияға байланысты шектелген болатын. 2022 жылы оның Қазақстандағы атауы “Ерлікке тағзым” болып өзгерген. Биыл “Бессмертный полк” акциясы Ресейде де өтпейтін болды.