"Айлық алса, ішіп, жұмысқа шықпай қояды": Самұрық-Қазына қорының өкілі ауыл жастарын жұмысқа тарту жайлы

Qaz365.kz редакциясы

Айманбетовтың берген жауабы жиында отырғандардың ашуын тудырды

skcn.kz

Мәжілісте «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетовтың қатысуымен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жалпы отырыста ауыл жастарын жұмысқа тарту мәселесі қарастырылған. Осыған қатысты депутат Аманжол Әлтаев, Басқарма төрағасына «тендерді жеңіп алған құрылыс компанияларына сол ауылдың жастарын жұмысқа тарту мәселесі қаншалықты деңгейде талап етіледі?» деген сұрақ қойған болатын. 

Алайда білдей бір басқарманың төрағасы Айманбетовтың берген жауабы жиында отырғандардың ашуын тудырған. 

«Бұл жерде айта кететін бір кемшілік бар. Жергіліктілер бірінші айлық алса, ішіп кетіп жұмысқа шықпай қоятын аурулары бар», –  деп жауап берді Мәулен Айманбетов.