БАҚ-та адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалану заң бұзушылық емес - Конституциялық Сот

Qaz365.kz редакциясы

Екі заңның сәйкестігін тексеріп шығарған қаулы

Ашық дереккөздерден

Конституциялық Сот "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-1-тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Конституциялық Сотына азамат С.В. Наумцевтің “БАҚ туралы” заңның 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп тану туралы өтініші келіп түскен.

Өтініш авторы даулы норма оның республиканың бүкіл аумағында жоғары заңды күші бар Конституцияда бекітілген жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық құқығын бұзатынын айтқан.

Конституциялық Сот "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасын Конституцияның 4-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп қаулы еткен.

Ведомство Қазақстан Республикасында азаматтың өзінің бейнесін қорғау құқығы мемлекеттің қорғауында екенін, азаматтың бейнесін қорғау тек конституциялық нормалармен ғана емес, азаматтық заңнамамен де реттелетінін жазған.