Ірімшік, сүзбеге тәуелділіктен арыламыз –  Серік Жұманғарин

Qaz365.kz редакциясы

Инфляциямен күреске Үкімет арнайы 4 жылға арналған 67 кешенді жоспар бекітті

Qaz365.kz

Инфляциямен күреске Үкімет арнайы 4 жылға арналған 67 кешенді жоспар бекітті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

“Біздің ел қазір импорттқа тәуелді. Сол тәуелділіктен біртіндеп кетуіміз керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, отандық инфрақұрылымды дамытыта отырып өндірісті арттыруымыз қажет. Біраз реформаны дайындап, сауда айналымы схемаларын өзгертіп жатырмыз. Болашақта, бір-екі жылдың көлемінде нақты өзгерістер болады”, – деді  Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Премьер-министрдің орынбасары Үкіметтің басты жоспары – осы жылдың аяғына дейін инфляцияның деңгейін 18,8 пайыздан асырмау екенін айтты.

“Қазір еліміздегі инфляция көлемі 18,8 пайызға жетті. Бұл туралы  Үкімет 4 жылға арналған 67 кешенді жоспар бекітті. Біздер енді қазіргі уақытта тауық еті, алма, ірімшік, сүзбен өнімдерінен толығымен импорттық тәуелділіктен арыламыз. Қазіргі басты жоспар –  осы жылдың аяғына дейін инфляцияның деңгейін осы мөлшерден асырмау. Оған қазіргі іске асырылып жатқан реформалар әсер етеді деп ойлаймын”, – деді Серік Жұманғарин.