Әзірге ҚР СІМ Лю Шэйдің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ
Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шэй бұрынғы кеңестік елдердің егемендігі туралы екіұшты пікірде. Бұл туралы ол Францияның LCI телеарнасына берген сұхбатында айтты. Тележурналистің сұрағына жауап берген Қытай елшісі халықаралық құқық бойынша Кеңес Одағына мүше бұрынғы елдердің ешқандай мәртебесі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Халықаралық құқықта бұрынғы кеңес елдерінің мәртебесі де жоқ. Қалай айтсақ болады? КСРО ыдырағаннан кейін құрылған елдердің халықаралық құқықтағы нақты мәртебесі жоқ, өйткені олардың егемендігін іске асыратын халықаралық келісім болмаған», - деді Қытай елшісі.
Бұған қоса, дипломат Қырымды Украинаның бір бөлігі деп санайтынын жасырмады. Уәжінше, ол бастапқыда Ресейге тиесілі болған, кейін Хрущев Украинаға берген. Елшінің бұл сөздері қазір халықаралық қауымдастық арасында резонанс туғызды.
Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна мұндай мәлімдемелерді өкінішті әрі түсініксіз деп санап, Қытай елшісін түсініктемеге шақыратынын айтты.
«ҚХР өкілінің мұндай көзқараста екені өкінішті. Мұндай ұстаным түсініксіз», - деді Цахкна.
Латвия СІМ басшысы Эдгарс Ринкевичс Лю Шэйдің пікірін «мүлдем қисынсыз» деп атады.
«Біз Қытай тарапынан түсініктеме күтеміз және бұл мәлімдемені толығымен жоққа шығарамыз», - деп жазды министр Twitter-де.
Литва Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергис дәл осындай сөздің кесірінен ел Қытайға сенбейді деп түсіндірді.
«Егер біреулер әлі күнге дейін Балтық жағалауы елдері Қытайдың Украинадағы бейбітшілік мәселесіне қатысты ұстанымын түсінбесе, міне енді, Қытай елшісі Қырым Ресейге тиесілі, біздің еліміздің шекарасының заңдық негізі жоқ деп отыр», - деп жазды Литва СІМ басшысы Габриэлюс Ландсбергис Twitter-де.
Франция СІМ Қытай елшісінің сөзіне таң қалғанын мәлімдеді және Қырымды аннексиялауды заңсыз деп санайтынын атады.
«Біз ондаған жылдар бойғы қысымшылықтан кейін көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізген зардап шеккен одақтастармен және әріптестермен толық ынтымақтастығымызды білдіреміз», - деп Bloomberg Министрліктің хабарламасына сілтеме жасайды.
Украинаның Франциядағы елшісі Вадим Омельченко Twitter-де Лю Шэйдің мәлімдемесі Бейжіңнің «Халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысының мақсаттары мен принциптері негізінде Украинадағы бейбітшілікті қалпына келтіру әрекеттері туралы» айтқан ұстанымына сәйкес келмейтінін жазды.
Әзірге ҚР СІМ Лю Шэйдің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ.